27.03.2025, 17:00

Алматыда көпқабаттың үйдің жанынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 27 наурыз күні таңертең болды.

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің жанынан 19 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 27 наурыз күні таңертең болды. 19 жастағы қыз биіктен құлап кеткен.

«Алмалы аудандық ІІБ-нің полиция бөлімшесі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.