$ 504.44  545.65  5.95

Атырауда беттерін тұмшаланып алғандардың туымызды қорлаған фотосы тарады (ФОТО)

Әлеуметтік желілерде беттерін жапқан адамдардың суреті тарады.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Олар Қазақстан туында Сауд Арабиясының жалауының элементтері бейнеленген ту ұстап тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы azh.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сурет Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілген болуы мүмкін. Атырау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қылмыстық кодекстің 372-бабында мұндай әрекет үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол мөлшерде түзету жұмыстары, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 24

Серіктес жаңалықтары