$ 504.44  545.65  5.95

Ұлытау облысында үш мың киіктің өлексесі табылған (ВИДЕО)

Қыста қырылған, қаңғыбас иттердің шабуылынан өлген киіктердің қалдықтарын жинау жалғасады.

Фото: @ashot.inc
Фото: @ashot.inc

Ұлытау облысында 3 мың киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлытауда Кенгір су қоймасы маңындағы далдан мыңдаған өлексе табылды. Олардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда 660-тан астам және Қаражалда 2342 ақбөкен өлексесі табылып, залалсыздандырылды", – деп хабарлады Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Аталған іс-шаралар барысында Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорны инспекциясының, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Жезқазған және Қаражал қалалары әкімдіктерінің өкілдері бірлесті. Олар өлексені жер астына шығарып тастапты. Ол үшін Жезқазғанда алты бірлік арнайы техника, сондай-ақ Қаражал қаласында арнайы техника мен 11 топ жұмылдырылды.

"Өлекселер мамандандырылған мал қорымдарына шығарылады. Қалдықтар механикалық зақымдалған жоқ. Жағдай бойынша комиссия мүшелері тиісті хаттамалар жасап, қол қойды", – делінген хабарламада.

Қыста қырылған, қаңғыбас иттердің шабуылынан өлген киіктердің қалдықтарын жинау жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары