$ 503.42  542.08  6

Үш бала ауруханаға түсті: Астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйден өрт шықты

15 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің электр қалқаны жанып, салдарынан үш бала зардап шекті. Қазір олар ауруханада жатыр, бір баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Azattyq Rýhy мәліметінше, төтенше жағдай бүгін түнде Мәңгілік ел даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында сымдар өртенген. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 50 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Алайда үш бала өрттен зардап шеккен, олар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

«15 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір ол анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Ал 10 және 11 жастағы балалар күрделі соматика бөлімшесіне жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары