30.03.2025, 04:30

Түркістан облысында 14 жастағы қызды көршісі жүкті қылып қойған

Фото: Pixabay

Ең сорақысы, кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған дейді анасы.

Келес ауданында 37 жастағы ер адам 8-сынып оқушысын жүкті қылып қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюроға сілтеме жасап.

14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін анасы кеш біліп, полицияға шағымданған. Қазір кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісіне келіп жүрген адам екен.

«Іші өсіп жатты. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті, содан білдім.Азат деген зорлаған, қызым «мама, сіз жоқ кезде зорлады» деді, өлтіремін деп қорқытқан», — дейді қыздың анасы.

Ең сорақысы, кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған дейді анасы. Тіпті, мектепке барып, сабақ оқып жүріпті.

Түркістан облысы білім бөлімі қазіргі таңда жасөспірімнің дағдарыс орталығына уақытша орналастырылғанын жеткізді. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір полиция сот-медициналық сараптамасын тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр. Ал, жәбірленушінің анасы кінәлі адам тиісті жазасын алсын деп отыр.