«Тізерлеп тұрған жерінен тұрғызғаны қандай ғажап».
Желіде мылқау жігіттің сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтінен түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видео осыдан бірнеше ай бұрын жарияланған. Алайда әлі күнге дейін жұрттың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Видеоға қатысты жұртшылық жылы лебіздерін білдіріп, жатыр.
«Бақытты болыңдар», «Тізерлеп тұрған жерінен тұрғызғаны қандай ғажап», «Тізерлегені дұрыс емес», «Құдай жаным, екеуі де әдемі-ақ», «Тіл-көзден сақтасын!» - деп жазды желі қолданушылары.