$ 503.15  543.3  5.93

Наурыздың соңғы күнінде еліміздегі ауа райына қандай болады

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары