31.03.2025, 12:30

Қазақстанға ресми сапармен Словения президенті келді

Фото: Ақорда

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.