$ 503.15  543.3  5.93

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот қайда, қашан өтетіні белгіленді

10 сәуірде Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының ғимаратында өтеді.

Коллаж Ulysmedia
Коллаж Ulysmedia

Алматы облыстық соты Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша алғашқы сот отырысының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 12:00-ге белгіленді. 10 сәуірде Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының ғимаратында өтеді.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары