Жүргізуші кінәсін жоққа шығарып отыр.
Атырауда "Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар үйінің көлік жүргізушісі мекеменің 15 жастағы тәрбиеленушісін бірнеше рет ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы жергілікті Телеграм арнаға сілтеме жасап.
Atyrau ONLINE жазуынша, ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Полиция ұрып-соқу дерегі болғанын, алайда зардап шеккен жасөспірім өтініш беруден бас тартқанын хабарлады. Жәбірленушінің өтініші болмағандықтан, іс жабылғаны айтылған.
Жүргізуші кінәсін жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, ол бар болғаны жасөспіріммен "ойнаған", ал оқиғаны көбі "дұрыс түсінбеген". Ер адам жеткіншектің оны үнемі қорлағанын мәлімдеді. Жасөспірім ер адамның сөзін растады.