Борышкерлер мемлекет балансына жалпы саны 40 жылжымайтын мүлікті қайтарды.
Елорда прокуратурасы мемлекетке, яғни Астана қаласының әкімдігіне қарасты «City Transportation Systems» ЖШС-нің (бұрынғы атауы «Astana LRT») пайдасына қатысты сот актілерінің орындалу барысына талдау жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақпаратта айтылғандай, борышкерлер мемлекет балансына жалпы саны 40 жылжымайтын мүлікті қайтарды. Оның ішінде 39 тұрғын үй емес жай және ауданы 12,8 га темір жолы бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету жер учаскесі.
— Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге. Сонымен қатар мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысан қаралып жатыр, — делінген хабарламада.
Осы орайда елорда прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстың жалғасып жатқанын хабарлап отыр.