09.04.2025, 12:40

Енді ажырасқан жас-жұбайлар көп салық төлеуі мүмкін

Фото: Pixabay

Ажырасу рәсімі қымбаттайды.

Қазақстанда ажырасу рәсімі қымбаттауы мүмкін. Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, ажырасу үшін мемлекеттік баж салығын 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін арттыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Skefnews.kz порталы.

"Қазіргі уақытта ажырасу үшін салық мөлшерін 20 АЕК-ке дейін көтеру жоспарлануда. Бұл ұсыныс отбасы мәселелеріне араласу емес, керісінше, отбасылардың ажыраспауына себеп болатын дұрыс қадам", - деп түсіндірді депутат. 

Ол бойдақтарға салық салу ұсынысымен келіспейтінін айты. 

Тегтер: салық ажырасу