09.04.2025, 17:00

Депутат банктер мен ойын-сауық саласына салықты көтеруді ұсынды

Фото: Pixabay

Отырыста бұдан басқа да түрлі сұрақтар көтеріліп жүргенін айтты.

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев корпоративтік табыс салығын өсіруді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Депутат ойын-сауық секторы мен банк секторына корпоративтік табыс салығын 20%-дан 30%-ға көбейтуді ұсынды.

«Ұсыныстарым үкіметтің қорытындысында. Бірақ Үкімет 25%-ды қалдырайық деп отыр. Егер көтерсек, мысалы, банктер жылына 100 млрд теңге салық төлейді делік. Ал егер 30%-ға көбейтсек, онда 150 млрд теңге қаражат түсер еді», - дейді Қырықбаев.

Депутат жаңа Салық кодексін талқылаудың әр отырыстарына қатысып жүр. Отырыста бұдан басқа да түрлі сұрақтар көтеріліп жүргенін айтты.