Салдарынан Полат асфальтқа отырып қалған.
Бүгін, 10 сәуір сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот отырысы Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Сотта Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Күдікті өзімен алдын ала дайындалып келген пышағын пайдаланып, Шерзат Полатты өлтіруді ойлаған. Өз қылмыстық ойынша іске асыру үшін Шынасыл Полатты көре тұра, Нұрымов пен анасы, әжесі жүргеніне қарамастан солардың көзінше жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Полат асфальтқа отырып қалған", – дейді прокурор.
Сондай-ақ, жәбірленуші тарап судьядан сот процесін Қаскелеңде өткізуді сұраған болатын, алайда судья олардың өтінішін қанағаттандырмады.
Айта кетейік, сот алқабилерсіз қаралады.