Басты сот талқылауы ашық сот мәжілісінде өткізіледі және отырыс қазақ тілінде жүргізіледі.
Келесі сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Айыпталушыларды айыптау туралы басты сот талқылауы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 10:00-ге тағайындалсын», - деді судья Ержан Жанұзақов.
Басты сот талқылауы ашық сот мәжілісінде өткізіледі және отырыс қазақ тілінде жүргізіледі.
Одан кейінгі сот отырысы 18 сәуірде сағат 10:00-де болады, яғни аптасына екі отырыс өтеді.
Сонымен қатар, айыпталушылардың қарсылығына байланысты сот отырысы алқабилердің қатысуынсыз өтеді.