Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда балабақшалардың бірінде тәрбиеші 4 жасар қызды жәбірлеген. Аталған жағдайға қатысты полиция іс қозғады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
4 жасар қыздың анасы Жадыра Рахымбаеваның айтуынша, оқиға 20 наурыз күні Алматының Алатау ауданындағы жекеменшік балабақшада болған.
“Қыз бала бақшаға барудан бас тартып, ашуға булыққан. Бірдеңеден күдіктенген анасы оның балабақшаға барғысы келмеуінің себебін сұраған. Дәл сол кезде қыз болған жайтты айтып берген. Ол маған бәрі ұйықтап жатқанда мұғалімнің оны дәлізге лақтырып жібергенін айтты. Қызым ішкиімімен жалғыз отырған. Бірақ мекеме іші ол сәтте суық болған. Оның үстіне тәрбиеші терезені ашып қойып, қызымды тәпішке сілтеп қорқытқан. Қызым балабақшаға барғысы келмегендіктен өтірік айтқан шығар деп ойладым, бейнебақылау камерасын тексеріп, қарадым. Барлығын өз көзіммен көрдім", – деді қыздың анасы.
Анасы тәрбиешінің әрекетінен соң қызы бронхитпен ауырғанын айтты. Ол сөзін растайтын видеоны ұсынды.
Жеке балабақшаның құрылтайшысы Фатима Мұсаеваның айтуынша, осы оқиғадан кейін тәрбиеші мен күтуші бірден жұмыстан қуылды.
“Тәрбиеші қыздың түскі үзіліс кезінде ұйықтамай, басқа балалардың ұйықтауына кедергі келтіргенін айтты. Оның үстіне жұмыстан босатылған тәрбиеші балабақшада 6 жыл жұмыс істеді. Енді мекемемізде бақылау күшейтіледі”, – деді Рахымбаева.
Қыздың анасы полицияға арызданған. Полиция мәліметінше, кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған іздестіру шаралары жүріп жатыр.
"Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Істің объективті мән-жайларын анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.