Бұл іс-шараға бөлінген қаражат қаншалықты тиімді жұмсалмақ?
Шымкент қаласының әкімдігі қаланың туған күніне орай үлкен мәдени іс-шара – республикалық деңгейдегі ақындар айтысын ұйымдастырмақ. Бұл – бір қарағанда қуанарлық жаңалық. Алайда мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған техникалық сипаттама мен оған бөлінетін 61 280 360 теңге қаражатты көрген соң, қоғамдық қызығушылықпен қатар, күмән тудыратын сұрақтар да пайда болары анық. Шынында да, бұл іс-шараға бөлінген қаражат қаншалықты тиімді жұмсалмақ? Неге Шымкент Әкімі Ғабит Сыздықбеков бюджет қаржысын өте тиімсіз пайдаланады? Мәне, осыны саралап көрейік.
Іс-шараның ауқымы мен құрылымы
Техникалық сипаттамаға сәйкес, ұйымдастырушы тараптан келесі элементтер талап етіледі:
Осылайша, іс-шара бір күндік форматта ғана емес, бірнеше күнге созылатын, кең көлемдегі медиалық, техникалық және шығармашылық жұмысты талап етеді.
Ақындар айтысы – ұлттық бренд пе, әлде уақытша жоба ма?
Айтыс – қазақтың төл өнері, оны қолдау керек дейміз. Бірақ қазір халықтың тұрмыстық әл-ауқаты айтыс тыңдап, той тойлап жүретіндей ме? Неге сол бөлінетін қаржыны басқа игі мақсатқа жұмсамасқа? Мәселен, шын мұқтаж жандар мен мүгедектерге бөлініп берілсе... Ал оны түсінетін әкімдік қайда?..
Техникалық сипатамасы жазылған айтыстың мазмұны мен форматы толықтай ашылмаған. Шақырылатын ақындардың аты-жөні, айтыстың тақырыптық бағыттары, тікелей эфир арқылы таратыла ма, ел арасына қандай жаңалық не ой тастайды – бұл сауалдардың жауабы жөнді көрсетілмеген.
Күмән туғызатын тағы бір жайт бар. Бұл іс-шараны өткізу үшін қазыларға төленетін гонорар, оларды алып келу, орналастыру, арнайы брендтелген шапан дайындау және қатысушылардың да жолақысы, сыйлықтары секілді шығындардың бәрі қамтылған. Және қазылар алқасы кемі бес жұлдызда қонақ үйде жатуы керек екен.
Пропаганда ма?
Техникалық сипаттамада ақпараттық насихатқа баса мән берілген:
Осы жерде мына бір ұрақ туындайды: Шымкенттегі бір реттік айтыс үшін осынша көлемдегі жарнама қаншалықты қажет? Бұл – ұлттық мәдениет үшін емес, әкімдіктің өзін-өзі жарнамалауға ұмтылысысияқты көрінбей ме?
Бюджет ашық па?
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған сома – 61,2 млн теңге. Бірақ оның нақты неге, қалай бөлінетіні туралы ашық талдаулар жоқ. Сондықтан да Шымкент әкімдігі бұған дейін жазған мақаламызды ескермегені көрініп тұр. Мысалы:
Бұл қаражаттың ашықтығы мен тиімділігі туралы нақты есеп берілмесе, әрине, адамдардың наразылық тудыруы – заңды.
Сын мен ұсыныс
Егер әкімдік расымен ұлттық өнерге қолдау көрсетуді мақсат етсе:
Шымкент әкімдігінің республикалық айтыс өткізуге бөлген қаржысы – бір жағынан мәдениетті қолдау, екінші жағынан күмәнді шығындардың көрінісі болуы мүмкін. Егер бұл қаражаттың әр тиыны әділетті, ашық және тиімді жұмсалса, бұл қуантарлық бастама болар еді. Бірақ қазіргідей жағдайда қоғамға есеп беру, талқылауға шығару және қатысушылардың барлығын ашық жариялау – басты талап болып отыр.