Таланттардың танылуына да септігін тигізіп жүр.
Әлеуметтік желісінде Алматылық Бақытжан Быхиннің әрбір салған видеосы көптеген қаралымдар жинап, трендке айналуда, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бақытжанның тіпті өзінің бірнеше авторлық әндері де бар екен. Алғашында әуесқойлықпен айналысқан оның контенті бүгінде тұрақты жұмысқа айналған. Туризм мамандығын тәмамдаған ол қазір оранжировщик болып қызмет атқарады. Желіде таралған қарапайым видеолардың ырғағына сай бит жазады.
Желі қолданушылары оның видеоларын асыға күтеді. Tiktok желісінде де кең көлемде таралып жатыр. Осылайша ол таланттардың танылуына да септігін тигізіп жүр.
"Видеоға дем бердің", "Әншіні қайдам, өңдейтін бала талантты екен", "Сенің контентіңді асыға күтеміз", - деп жазды оқырмандар.