12.04.2025, 08:30

Еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі

Фото: Pixabay

Солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп ескертті.

Қазгидромет синоптиктері атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңбыр , найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын(жаңбыр, қар) болады деп ескертті.

Жауын-шашын(жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.   1-3 градус Аяз 12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжануда.

Күндіз температуралық фон: Елдің батысында 13-20-дан 17-23-ке дейін жылу көтеріледі. Оңтүстік-батыста 15-20-дан 22-27-ге дейін жылу көтеріледі. Солтүстік-батыста 8-15-тен 12-20-ға дейін жылу көтеріледі. Солтүстікте, орталықта 20-25-тен 10-15-ке дейін жылу төмендейді.  Шығыста 23-29-дан 12-20-ға дейін жылу төмендейді. Оңтүстікте жылу 28-33-тен 23-28-ге дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста 23-33-тен 18-25-ке дейін төмендейді.

Тегтер: ауа райы