Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Қызылордада кішкентай бала көліктің ішінде құлыпталып қалды. Құтқарушылар оны көліктен аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызылордада ТЖМ қызметкерлері құлыпталған көлікте қалып қойған баланы құтқарды. Құтқарушыларға анасы қоңырау шалып, баласы жеңіл автокөліктің ішінде құлыпталып қалғанын хабарлаған. Оқиға Қызылорда қаласында Әбілхайыр хан көшесінде болған.
"Жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Белгілі болғаны – анасы үлкен ұлын мектепке алып келіп, мектепке дейін шығарып салған, сол кезде көліктің кілті ішінде қалып қойған. Әйел есікті аша алмаған соң құтқарушыларға жүгінген.
Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.