$ 516.91  586.33  6.3

Жігіт 26-ға келсе үйлену керек пе? – Нұрлан имам жауап берді

Сен 26-ға келсең, ол саған үйленетін жас емес.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Нұрлан имам "26-ға келдім үйлену керек, қандай дұға оқыса болады" деген оқырман сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Сен 26-ға келсең, ол саған үйленетін жас емес. Үйленетін жас – әйелдің аманат екенін түсінгенгенде үйлену керек. Содан кейін тойдың ақшасын өзің жұмыс істеп, өзің табуың керек. Тым құрығанда, қазір хит болған мәһрдің ақшасын өзің табуың керек... Сонда қадірі болады", – деді.

Сонымен қатар имам үйленуді әке-шешеге міндет қылмау керектігін айтты.

Үйленген соң ер адамның әйел алдындағы бірқатар міндеттерін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары