14.04.2025, 11:20

«Егер қазақта бір нәрсе жоқ болса, ол әлемде әлі шықпаған»: Тарихшы Нұрқожа Ерсайын халқымыз жайлы тың деректермен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Көшпенді болсақ та, жабайы болған жоқпыз".

Әлеуметтік желіде 70 мыңға жуық оқырманы бар тарих, туризм және рух тақырыптарында, әсіресе, көшпенділердің қару-жарағы жайында кеңінен насихаттап жүрген Нұрқожа Ерсайын "Aitarym bar" подкастында қазақтың тарихтағы технологиядан кенде қалмағаны жайында айтып берген, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұрқожа Ерсайынның айтуынша, әлемде не пайда болса да, сол кезде ол нәрсе Қазақстанда да пайда болған. 

"Мен ең көп айтатын нәрсе - мылтық. Мылтық XV ғасырдан бастап қазақтарда бар. Ал оны естігендер "аа" деп қоя салады. Негізі мылтықтың пайда болған кезі де он бесінші ғасыр ғой", - деген Н.Ерсайынның келтірген дәлел-дәйектерін пікірде көпшілік қолдаған. 

Тіпті теміржолды да салуға инвестиция тартқан да қазақтар екен. Бізде теміржол қашан пайда болса, Англияда да сол уақытта пайда болды. Көшпенді болсақ та, жабайы болмағандығымызды айтады.