$ 521.9  593.5  6.39

«40 шақты курсант қатысқан»: Ұлттық ұлан академиясында жаппай төбелес орын алды

Ұлттық ұлан академиясы болған жағдайды растады.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес ш ығарды. Салдарынан бірнешеуі зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде курсанттардың жаппай төбелескені туралы видео тарады. Түрлі дерекке сенсек, төбелескендердің саны шамамен 20 пен 40 арасында болған. Төбелеске аталған жоғары оқу орнында білім алып жүрген Тәжікстан азаматтары да қатысқан деген ақпарат бар. 

Ұлттық ұлан академиясы болған жағдайды растады.

“Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында бірінші курс курсанттарының арасында болған жанжалға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан бірнеше курсанттардың денесі сырылып, көгеріп қалған. Осылайша жеңіл жарақат алған. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ”, – деп мәлімдеді академия.

Сондай-ақ оқу орны болған жағдайдың анық-қанығын анықтап жатқанын хабарлады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары