14.04.2025, 14:00

Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады

Фото: ЖИ

Қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде.

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

"ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті", - деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

"Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде", - деді ҚМДБ.

Тегтер: имам жалақы