$ 521.9  593.5  6.39

Статистика: Қазақстан жастары қанша жаста неке қияды

Былтыр үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70. Ең азы - Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады.

Былтыр үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке. Некеге тұрған қыздардың 41%-ында жоғары білімі болған, ерлердің 38%-ы ЖОО-да оқыған.

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда 8 453.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары