$ 521.9  593.5  6.39

Қызғалдақты жұлғандарға айыппұл 12 млн теңге: Министр заң бұзғандар заңмен жазаланатынын айтты

Нысанбаевтың айтуынша, қызғалдақтың жойылып кету қаупі жоғары.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 12 шоқ қызғалдақ үшін 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Бұл жағдайда бәрі заң аясында. Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жұлу үшін 3-тен 7 мың АЕК-ке (11 796 теңгеден 27 524 теңгеге дейін) дейін айыппұл көзделген. Сондықтан ешқандай асыра сілтеу жоқ", – деді министр.

Нысанбаевтың айтуынша, қызғалдақ – жойылып кету қаупі жоғары, Қызыл кітапқа енген өсімдік.

"Қазір адамдардың экологиялық сауаты жоғары. Қызғалдақтар жазда жайқалып шыққанымен, олардың кейбір түрлері сирек әрі құрып кету алдында тұр. Сондықтан оларды қорғау – заң талабы", – деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары