Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
Белгілі тележүргізуші, журналист Майя Бекбаваға президент жарлығымен мерекелік медаль табыс етілді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Майя Бекбаева "Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл" мерекелік медалімен наградталды. Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
"Еңбегіңді бағалаған әркез жақсы. Мемлекет басшысына алғыс білдіремін. Бұл марапат тек менікі емес, бүкіл команданың және бірінші кезекте жұбайым Әділ Нұртайдың марапаты. Жаным, қолдауыңа рақмет. Құттықтауларыңызды күтемін", - деп жазды Майя Бекбаева Instagram желісіндегі парақшасында.