16.04.2025, 11:40

«Қараусыз қалған»: Алматы облысында балалар балабақшаның шатырына шыққан (ВИДЕО))

Фото: видеодан скриншот

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде екі баланың терезедегі тордан өтіп, жекеменшік балабақшаның шатырына шығып алған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тәрбиешілердің қарауынсыз қалған балалар терезеден шығып, шатырда ары-бері жүргенін куәгерлер көріп, видеоға түсіріп алған. Болған жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.

“Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеген қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті. 

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Материалдар уәкілетті органдарға жолданды.