$ 521.9  593.5  6.39

Мас күйде көлік тізгіндеген павлодарлық ерлі-зайыптыға сот шешім шығарды

Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушылық фактісі бойынша іс сотқа жіберілген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында мас күйінде көлік тізгіндеген ерлі-зайыпты сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Павлодар облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды деген ерлі-зайыпты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар–Успенка автожолында патрульдік қызмет атқарған полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан.

"Жүргізушімен тілдесу барысында одан алкогольдің өткір иісін байқалды. Кейін медициналық сараптама күдікті растап, жүргізушінің мас күйде болғанын анықтады. Тексеру барысында көлік иесі – оның жұбайы екені, ал ер адам мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Ерлі-зайыпты алкогольді бірге ішкеннен кейін көлік айдау туралы шешім қабылдаған", - деп жазады басылым тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушылық фактісі бойынша іс сотқа жіберілген. Нәтижесінде ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал оның жұбайы – мас күйдегі адамға көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін 20 тәулікке қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертіп, мұндай жауапсыз әрекеттердің салдары ауыр болатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары