$ 521.9  593.5  6.39

«Жыртқыш аң да бұлай жасамайды»: Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелін бауыздамақ болған

Оқиға туралы адвокат Жанна Оразбақова айтып берді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің тамағын пышақпен кесіп, омыртқасына зақым келтірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы адвокат Жанна Оразбақова айтып берді.

Жанна Оразбақова Instagram парақшасында Шымкентте болған жантүршігерлік оқиға туралы мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, ер адам бұрынғы әйелін аңдып жүріп, оған шабуыл жасаған.

Адвокаттың айтуынша, ер адам бұрынғы әйелінің тамағын кесіп, омыртқасына зақым келтірген. Әйел тірі қалғанымен, қазір жүре алмайды.

"Мұндай қатыгездікті қалай түсіндіруге болады? Жыртқыш аңдардың өзі серіктеріне бұлай жасамайды. Бұл айуандардың басында не бар өзі?" – деп жазды Оразбақова.

Сондай-ақ ол күдіктінің ұсталар кезінде өз тамырын кесіп тастағанын, алайда оның тірі қалғанын айтты. Енді ер адам жазадан құтыла алмайды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Санжар Әділов әйел адамға жасалған шабуыл туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

"Осы факт бойынша бізде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмыстық істі тергеу алгоритміне сәйкес, кешенді медициналық сараптама тағайындалатын болады. Толығымен өз бақылауыма алдым", – деді Санжар Әділов.

Жанна Оразбахованың айтуынша, бұрынғы ерлі-зайыптылардың төрт баласы туыстарының қарауында. Қазіргі уақытта қорғаншылық органдары мен ювеналдық полиция өкілдері де жағдайды шешуге тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары