$ 521.9  593.5  6.39

Қазақстанға қар мен аяз оралады: Ауа райы күрт нашарлайды

Кей өңірлерде қар жаууы мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт суытып, кей өңірлерде қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген суық фронттың әсерінен жауын-шашын күтіледі. 17 сәуір күні шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, күн қатты суытады.
• Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -1...-6 градус аязға дейін төмендесе, күндіз +1...+8 градус шамасында болады.
• Оңтүстіктің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер күтіледі.
• Түнгі уақытта -3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.

Көктем келмей жатып – қарАл батыс өңірлерде керісінше, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл аймақта күн жылынып, +17...+28 градусқа дейін жетеді.
Сондай-ақ республика аумағында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары