17.04.2025, 04:30

«Әйел еркектің қабырғасынан жаралмаған»: Танымал дінтанушы мәлімдеме жасады

Фото: видеодан алынды

Бұл әйелдерді кемсіту болып саналады.

Теолог, дінтанушы Асылтай Тасболат журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында дінге байланысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Негізінен исламда әйелдерді ер адамдардың қисық қабырғасынан жаралды деп кеткен. Бірақ Құрандағы әйелдерге қатысты сол нәрселер қайта қаралып жатыр. Соның ішінде әйелді кемсітіп, қисық кабырғадан жаратылды деген түсінік жоқ деп айтылады. Бұл әйелдерді кемсіту болып саналады. Әйел де, еркек те бір материалдан жаратылған",  дейді ол.

Қазіргі таңда бұл ұғымның кең таралып кеткенін айтты.