17.04.2025, 08:30

Қазақстанға қар мен аяз оралады: Ауа райы күрт нашарлайды

Фото: Pixabay

Кей өңірлерде қар жаууы мүмкін.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт суытып, кей өңірлерде қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген суық фронттың әсерінен жауын-шашын күтіледі. 17 сәуір күні шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, күн қатты суытады. • Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -1...-6 градус аязға дейін төмендесе, күндіз +1...+8 градус шамасында болады. • Оңтүстіктің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. • Түнгі уақытта -3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.

Ал батыс өңірлерде керісінше, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл аймақта күн жылынып, +17...+28 градусқа дейін жетеді. Сондай-ақ республика аумағында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжануда.

Тегтер: ауа райы