Тек қана спортты емес, Мәдениетті де қолдау керек.
Желіде Бельгия елінде 7-мәрте өткізілген Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған оқуышының асфальт сұраған видеосы тарады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Видеодада жеңімпаз баланың әкімдік тарапынан асфальт күткенін байқауға болады. Себебі Халықаралық сайыстың жүлдегері тұратын көшенің шаңы шығып жатыр. Оқушының анасы аталмыш бейнежазбаны жеке парақшасына жүктеп, әкімдікті белгілеп қойған.
«Шашу шашайын деп алдынан жүгіріп шықсам, көшеге асфальт төсемеген бе?, “мен“ келе жатыр,- деп,- балам бір күлдіртті-ау. Асфальт салып беріңіздер, Акимат! Тек қана спортты емес, Мәдениетті де қолдау керек», — деп жазды көп балалы ана.
Видео Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында түсірілген.
Желі қолданушылары оқушыны жеңісімен құттықтап, асфальт салу идеясын қолдап, пікір білдірді.
Айта кетейік, Тараз қаласының әкімдігі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің көшесіне бірер күнде асфальт төсегені қоғам талқысына түскен еді.