17.04.2025, 13:00

Шымкентте бұрынғы әйелінің тамағынан осып жіберген күдікті ұсталды

Фото: Pixabay

Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауына алынды.

Шымкентте әйел адам ауыр жарақат алған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты «Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша» қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

– Күдікті ұсталып, полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауына алынды, - делінген ведомства ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте бұрынғы әйеліне пышақ алып жүгірген күдіктіге қатысты іс бойынша пікір білдірген болатын.