Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Дархан Аманұлы бұл қызметке 2020 жылдың 22 ақпанында тағайындалған болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.