Қажетті тексеру және медициналық көмек көрсету үшін 9 пациент ауруханаға жатқызылды;
Астанада танымал «Көктем» мейрамханасынан ас ішкен 16 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған оқиғаға қатысты Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы түсініктеме берді.Олардың арасында 6 бала болған.
«Улану бойынша «Көктем» мейрамханасында Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК бөлімшесіне жіті ішек инфекциясының (ЖІИ) клиникалық белгілері бар 6 пациент жүгінді. Бүгінгі таңда барлық ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады. Пациенттер бақылауда, қажетті ем алады.
«Көктем» мейрамханасында улану бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталық» ШЖҚ МКК қабылдау бөлмесіне жіті гастроэнтеритпен ауыратын 10 пациент жүгінді.
Қажетті тексеру және медициналық көмек көрсету үшін 9 пациент ауруханаға жатқызылды;
1 науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты және амбулаториялық емдеу бойынша тиісті ұсыныстармен босатылды», - делінген басқарма хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың бәрінің жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады. Пациенттер бақылауда, қажетті ем алып жатыр.