Кейін бұл екі көлік Алматы облыс әкімдігінің иелігіне тегін берілген.
Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ында болған деп болжанатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен экономикалық заңбұзушылықтар туралы мәліметтерді қамтитын анонимді өтініш, аудиожазба және құжаттар тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Письма Президенту телеграм-арнасы жазды.
«Хатта қызметкерлерден басшылыққа қымбат сыйлықтар алу үшін жүйелі түрде ақша жинау, кадрлық қудалаулар, бюджет қаражатына қатысты күмәнді қаржылық операциялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылаудан жалтару әрекеттері туралы деректер келтірілген», - делінген.
Желілерде таралып жатқан құжатқа сәйкес, Алматы облысының әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпал етуі тиіс «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің бюджет қаражатын үнемдеу жөніндегі тапсырмасынан кейін, жалпы сомасы 61 миллион теңгеге Toyota Land Cruiser 300 маркалы қымбат жол талғамайтын автокөлік пен 34,9 миллион теңгеге KIA K9 маркалы жаңа жайлы автокөлік сатып алған. Кейін бұл екі көлік Алматы облыс әкімдігінің иелігіне тегін берілген.
Сөзімізге дәлел ретінде құжаттың скриндарын ұсынамыз. Суреттен Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғалиевтың мөрін көруге болады.
Ал «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» аталған шуға қатысты қысқа-нұсқа жауап берді.
«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ барлық сатып алулар мен қаржылық операциялар қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Басылымда келтірілген фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар расталған жағдайда материалдар уәкілетті органдарға жіберіледі», - деді ресми жауапта.
Десе де аталған жайт Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалиұлының тексеруіне жіберілді.