17.04.2025, 19:20

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр

Фото: Pixabay

Өсім сарапшылардың болжамынан біршама жоғары болды.

Brent маркалы мұнай бағасы 2,09%-ға өсіп, барреліне 66,02 долларға жетті. Ал, WTI маркалы мұнай бағасы 2,4%-ға өсіп, бір баррель бағасы 62,80 долларды құрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған бүгін АҚШ шикізат нарығының жаңа статитикасын жарияланғаннан кейін мұнай бағасы өсе бастады.

Деректерге сәйкес, елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 0,5 млн баррельге артып, жалпы мөлшері 442,9 млн баррельді құрады.

Өсім сарапшылардың болжамынан біршама жоғары болды.

Тегтер: мұнай баға