$ 521.9  593.5  6.39

«Бірнеше рет ыстық үтік басқан»: Қостанайда тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі қызды азаптаған

Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде ашуға берілген тәрбиеші 16 жастағы қыздың  денесін бірнеше рет ыстық үтікпен күйдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Полиция Қостанайдағы дамуында ауытқуы бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер орталығында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-пункті бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын, оның себептері мен құқықбұзушылық жасауға не итермелегенін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген Қостанай облысы ПД хабарламасында.

Егер тәрбиеші әйелдің кінәсі дәләлденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары