$ 521.9  593.5  6.39

«Өмірде бір-ақ рет кездесетін жағдай»: Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 мыңнан аса тас алып шықты

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханада дәрігерлер ерекше ота жасады.

Фото: ҚДСБ
Фото: ҚДСБ

Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан саны 5 мыңнан асатын тас алып шықты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханада дәрігерлер ерекше ота жасады. 40 жастағы науқастың өт қабынан 5 499 тас алынды. Бұл – отандық медициналық тәжірибеде тіркелген ең сирек жағдайлардың бірі.

Науқас ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Оның оң жақ қабырғасының асты ауырып, әлсіздік пен жүрек айнитынын айтып, шағымданды. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде өт қалтасында көп мөлшерде тас бары анықталып, дәрігерлер өт қабынан  алу (лапароскопиялық холецистэктомия) үшін ота жасайтын болып шешті.

Алайда ота нәтижесі бір топ тәжірибелі хирург дәрігерлерді таңғалдырды.

“Біз тас көп болады деп ойладық, бірақ оның саны 5 500-ге жуық болады деп ойламадық. 20 жылдық тәжірибемде мұндай жағдайды алғаш рет көріп тұрмын", – деді хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Фараби Стамқұлов.

Дәрігерлер мұның өмірде бір рет кездесетін жағдай екенін айтты.

"Өт қабы толып қалған. Тура бір ет салынған бұрышқа ұқсайды. Мұндай жағдай өмірде бір рет қана кездесетін шығар", – деді ол.

Ота сәтті өтті. Науқас наркоздан кейін тез есін жиып, көп ұзамай жағдайы қалыпқа келген соң үйіне шығарылды.

Дәрігерлердің айтуынша, өтке тас жиналғанда оның ешқандай белгілері болмайды. Бірақ асқынып кеткен жағдайда онкологияға, ұйқыбез тіндерінің жансыздануына (панкреонекроз) немесе жыланкөздердің (свищ) пайда болуына әкелуі мүмкін деп ескертті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары