18.04.2025, 16:40

«Қабанбай батыр 77 жасында жекпе-жекке шыққан»: Мұхамеджан Тазабек қазақ жігіттері әлсіз болып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Айтыскер ақын, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек қазіргі қазақ жігіттерінің қазіргі жай-күйін айтып, сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мына қазақтың жігіттерінің осы кейде тек қана рухани емес, психологиялық, материалдық емес спорт жағынан да мықты болса екен деймін. Мысалы спорт жағынан мықты болмасаң талай жұмыс бітпес еді. Мәселен мен таңертең ұйқыдан тұрған соң, таң намазымды оқып аламын да, бірден спорт залға кетемін, содан кейін шөп шайларымды ішіп алып барып, таңғы асымды ішемін, содан кейін кешке дейін «бодрый» боп жүремін. Баяғыда Қабанбай батыр 77 жасында жекпе-жекке шығыпты, ал қазір кейбір жігіттер 45 жасында «пенсияға» шығамын дейді», деді Мұхамеджан Тазабек.

Оның айтқанымен көпшілік оқырмандары келісіп, алғыс айтып жатыр.

«Ма шаа Алла, осы, Қабекеңнің бір деректе 78, бір деректе 81, тағы бір деректе 82 жаста болды делінеді, Әтеке жырықтың немересімен жекпе-жекке шыққанда. Мәселе анық неше жаста емес, мәселе сол 75-тен асқан жасында жекпе-жекке шыққан денсаулығы мен әдіс-айласында ғой, көбірек айту керек елге!!! Қазақтың кей жігіттері 30-дан асқан соң қартайдық-деп мүжіліп барады. Кейде құрдастарымызбен сөйлессек возрост қой, возрост деп, денсаулығының сыр берненін тілге тиек ете береді. Айтуын айтасың, алайда іштей біздікі Алладан ғой-деп қорқып айтасың. Сіздерде көбірек қозғаңыздаршы! Бүйте берсе, қазақтың саны өспейді…», - деп жазды көпшілік.