20.04.2025, 15:30

«Амандасып тұрамыз»: Бишімбаевтың Атхамбек Юлдашевқа барып жолын аштырғаны рас па? (ВИДЕО)

Бірақ араласпағанбыз.

Көпшілікке “Анама деп” деген әні арқылы танылған әнші Атхамбек Юлдашев тапқан табысының көп бөлігін қайырымдылыққа жаратқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында Өзбекстанның той, концерттерінен тапқан ақшасын Қазақстанның жетім-жесірлеріне бергенін айтқан.

”Мен халыққа жақсылық істедім, жетім-жесірлердің басынан сипадым, мектептерге ақшалай көмек бердім. Өзбекстаннан маған концерт, тойларға көп шақыртулар келеді. Мен барып, ақшаны жинап, Қазақстандағы адамдарға көмек бердім. Халыққа жақсылығымды аямағаным үшін елдің батасымен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” атағын алдым. Мақтанғандай болмайын Өзбекстанның тойларына, концерттеріне үлкен ақшаға барамын. Ақшаларын жинап келіп, қиналған адамдарға көмектесемін. Мен қазақтардың ішінде өстім. Сонымен мақтанамын. Мен үшін қазақтардай кең халық жоқ. Әке-шешем тапқаныңды арқалап кетпейсің. Халыққа берсең, батамен сенің жолың болады деп үйреткен. Ата-бабаларымыз арабтардан тараған, қожа руынанмын. Анам — өзбек, әкем жақтан әжемнің анасы индиялық болған. Менің анамда бала сүйе алмаған әйелдерге себепші болатын қасиет болған. Анам да тапқанын көршілерге бөліп беретін. Сол қасиеттің бір шеті маған келіп қонған. Адамдардың ішкі дүниесін біліп қоямын. Құдайдың берген көріпкелдігі бар”, — дейді ол.

Сондай-ақ, атымтай жомарт атанған әнші журналистің “Қуандық Бишімбаев минстр болып тұрғанда сізге келгені рас па” деген сұрағына да жауап берді. 

”Жоқ, бұл — жәй әңгіме, өсек. Бірақ, оның әке-шешесі біздің көршілеріміз болған. Сол жағынан танимын, бірақ араласпағанбыз. Амандасып тұрамыз, олар той жасағанда біз барғанбыз. Адамдардың өтірік сөзіне ермеңіздер”, — деп жауап берді Атхамбек Юлдашев.