Ел біле бермейтін тың ақпаратпен бөлісті.
Белгілі ақын Мұхтар Шаханов өзіне қатысты ел біле бермейтін ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақ ақындары арасында арақты ерініне тигізіп көрмеген жалғыз мен екенмін", - деді Мұхтар Шаханов Әзірбайжан Мамбетов театры жариялаған видеода.
Желі қолданушылары бұл ақпаратқа риза болып, жылы тілектерін білдіріп жатты.
"Аман болыңыз, қазақтың біртуар ақыны", "Нағыз аңыз адамсыз", "Жүз жасаңыз", "Жарайсыз", деп жазды.