$ 518.07  595.21  6.37

Жақында зейнетке шығатындар нені ескеруі керек?

Айлық табыстың есепке алынатын шекті мөлшері – 55 АЕК (қазіргі есеппен – 216 260 теңге).

Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Салық маманы Балжан Бақытқалиқызы “Теңге” телеграм арнасына кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әуелі мынаны түсініп алыңыз.

Зейнетақы үш негізгі бөліктен тұрады:

Базалық зейнетақы

Барлық азаматқа ортақ мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек өтілі мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Өтіл көп болған сайын төлем де жоғары.

Ынтымақты зейнетақы

Тек 1998 жылға дейін еңбек еткен адамдарға тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері сол кезеңдегі еңбек өтілі мен кез келген қатарынан 3 жылдағы орташа айлық табысқа байланысты есептеледі.

Айлық табыстың есепке алынатын шекті мөлшері – 55 АЕК (қазіргі есеппен – 216 260 теңге).

Егер жалақыңыз бұдан жоғары болса да, есепке осы сома ғана алынады.

Жинақтаушы зейнетақы

Бұл – БЖЗҚ-дағы жеке шотыңызда жиналған қаржы. Оған сіздің және жұмыс берушіңіздің ай сайынғы аударымдары кіреді.

Мысалы, шотыңызда 11 млн теңге болса, соның 9 млн теңгесі зейнетке шыққанда ай сайын бөлініп төленеді. Ал 2 млн теңгесін алдын ала шешіп алып, ем-домға, баспанаға немесе өзге де қажетіңізге жаратуға болады.

Маңызды!

– Жинақтағы қаражат жоғалмайды. Егер зейнеткер өмірден озса, бұл ақша мұрагеріне беріледі.

– Жинақ аз болса да, ай сайын шамамен 30 000 теңгеден төленіп отырады (жинақ таусылғанша).

Зейнетке шығар алдында не істеу керек?

✔ 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңізді дәлелдейтін құжаттарды жинаңыз

✔ Егер еңбек кітапшаңыз болмаса – мемлекеттік архивтен анықтама алыңыз

✔ Әйелдер – балаларының туу туралы куәліктерін дайындасын (өлі туған немесе өмірден өткен баланың да дерегі есепке алынады)

✔ Жоғары немесе арнаулы оқу орнында оқыған жылдар – еңбек өтіліне қосылады

✔ Ер адамдар үшін – әскерде болған уақыт та еңбек өтілі болып есептеледі

БЖЗҚ-дан шотыңыздағы жинақ сомасы туралы анықтама алыңыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары