22.04.2025, 08:30

Елімізде ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде

Фото: Pixabay

Жауын-шашын, найзайғай, жел күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады деп болжануда.

Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда. 

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін аяз күтіледі.