Құқық қорғау органдары тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтыламады.
Қостанай тұрғыны өз көлігінің ішінде отқа оранды. Қайғылы оқиға 22 сәуірге қараған түні қала аулаларының бірінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам көлігінің жүк салғышынан бензин құйылған канистраны алып, көлікке отырған, мүмкін өзіне де құйған. От тұтанғаннан кейін ол көліктен жүгіріп шығып, оқиға куәгерлері оның үстіндегі жалынды өшіріп үлгерген.
"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Құқық қорғау органдары тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтыламады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен ер адамның дер кезінде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.