Экс-әкім Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді.
Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-әкім Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді. Ол Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Б.А.Қарасаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты келесі баптар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын мәлімдеді. Оларға мына баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:
Қадағалау органының хабарлауынша, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін 31 наурызда Алматы облысының Іле аудандық сотына жіберілді.
"Қарасаев Б.А.-ға қатысты қылмыстық қудалау органы бұрын "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған еді", - делінген прокуратура хабарламасында.