$ 518.07  595.21  6.37

«Айтуға құқығымыз да, өкілеттілігіміз де жоқ»: Шымкент әкімінің ресми өкілі мәлімдеме жасады

Қазір тергеу амалдары жүйріп жатыр. Прокуратура тарапынан бақылауда.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл кезінде қала әкімі мен орынбасарлары және аппарат басшысы жұмыста болған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Оқиға болған орынға тез арада шықтық. Полиция, жедел жәрдем шақырылды. Руслан Берденов тез арада ауруханаға жеткізілді. Жасалған операция ұзақ уақытқа созылды. Қала әкімі, орынбасарларымен операция біткенше ауруханада болдық. Операция аяқталған соң ғана тарадық. Жағдайды толық бақылауда ұстадық. Полиция шұғыл әрекет жасап, күдіктіні ұстап, тез арада тергеу амалдарын бастап кетті. Медицина қызметкерлері де кәсіби біліктілік көрсетті. Қала әкімінің атынан полиция мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын", - деді Сәрсен Құранбек.

Сондай-ақ, қылмысты жасаған күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарап жатқанын жеткізді.

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура тарапынан бақылауда. Бұл адамның қылмысқа не себепті барғандығын айта алмаймыз. Айтуға құқығымыз да, өкілеттілігіміз де жоқ. Тергеу амалдарының дұрыс жүргізілуі үшін ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Қылмыскердің бұл қылмысқа не үшін барғаны жайында неше түрлі әңгіме айтылып жатыр. Біздің білуімізше оның ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Тергеу нақты мәліметті береді", - деді Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Ал, дәрігерлер Руслан Берденовтың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. Жасалған ота да сәтті өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Руслан