$ 518.07  595.21  6.37

Ыстамбұлда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді (ВИДЕО)

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады.

Фото: Ulysmedia
Фото: Ulysmedia

Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болған жер сілкінісінен соң магнитудасы 6,2-ге жеткен екінші жер сілкінісі орын алған. 10 секунд бойы сезілген жер сілкінісі жұрттың үрейін ұшырды.

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар бойынша басқарманың (AFAD) сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ыстамбұлдың Силиври ауданындағы Мәрмәр теңізінің жағалауында 3,9 балды құраған жерасты дүмпуі тіркелген.

Сондай-ақ жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD және барлық жауапты мекемелер жер сілкінісіне байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Ерликая.

Силивридегі жер сілкінісінен соң магнитудасы 6 балға жеткен тағы бір дүмпу тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары